Ақтөбе облысы әкімдігінің 2015 жылғы 5 шілдедегі № 190 «Тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» өзгерістер енгізу туралы қаулы жобасына БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ

Ақтөбе облысы әкімдігінің 2015 жылғы 5 шілдедегі № 190 «Тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» өзгерістер енгізу туралы қаулы жобасына БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының 16-бабының 3-тармағына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 мамырдағы № 4-2/416 "Тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" бұйрығына сәйкес, Ақтөбе облысы әкімдігінің қаулысымен тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекітеді.
Бұл нормативтік құқықтық акті auyl.aktobe.gov.kz сайтында орналастырылды, 2019 жылғы 24 қыркүйектегі № 108 «Актюбинский вестник» және 2019 жылғы 24 қыркүйектегі № 109 «Ақтөбе» газеттерінде жарияланды.
Ақтөбе облысы Қоғамдық кеңесінің 2019 жылғы 20 қыркүйектегі № 01-2/75 қорытындысы алынды.
Ақтөбе облысы әкімдігі жанындағы кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңестің ағымдағы жылғы 30 қазандағы №79 хаттамасына сәйкес, кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктері сараптамалық қорытындыларды ескертулер мен ұсыныстарсыз ұсынды.
Нормативтік құқықтық актінің жобасы ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында 2019 жылдың 27 қыркүйекте орналастырылды. Қоғамдық талқылаудың мерзімі 2019 жылдың 11 қазанда аяқталды. Есептемені қарау саны 101 бірлік, 3 пікір түсіп, оларға жауаптары берілді.
Сайтқа жарияланды: http://auyl.aktobe.gov.kz/ru
Тікелей таралым: http://auyl.aktobe.gov.kz/ru/node/3094