Карантиндік режимді енгізе отырып, карантинді аймақты белгілеу туралы

«Карантиндік режимді енгізе отырып, карантинді аймақты
белгілеу туралы» Ақтөбе облысы әкімдігінің қаулысының жобасына
БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ
Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 11 ақпандағы «Өсімдіктер карантині туралы» Заңының 9-1-бабының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Ақтөбе облыстық аумақтық инспекциясының 2020 жылғы 20 ақпандағы№ 06-08/47ұсынысына сәйкес шаруашылық жүргізуші субъектілер аумағында жатаған укекіресі бойынша карантин режимін енгізеотырып, карантинді аймақ белгілеу және жатаған укекіре ошақтарын анықтау, оқшаулау және жою бойынша шұғыл шаралар жүргізу жөніндегі іс-шараларын бекіту.
Бұл нормативтік құқықтық акті auyl.aktobe.gov.kz сайтында орналастырылды 2020 жылғы 19 наурызда № 31 «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерінде жарияланды.
Ақтөбе облысы әкімдігі жанындағы кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңестің ағымдағы жылғы 8 сәуірдегі №21 хаттамасына сәйкес, кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктері сараптамалық қорытындыларды ескертулерсіз ұсынды.
Қоғамдық кеңестің нормативтік құқықтық актінің жобасы бойынша Ақтөбе облысының Қоғамдық кеңестің 2019 жылғы 19 наурыздағы № 01-2/38 қорытындысы алынды.
Нормативтік құқықтық актінің жобасы ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында 2020 жылғы 18наурызда орналастырылды. Қоғамдық талқылаудың мерзімі 2020 жылдың 6сәуірінде аяқталды. Есептемені қарау 91 бірлік, 1 бірліктің пікірі қаралып, ескерілді.