Тұқым шаруашылығын дамытуға арналған субсидия көлемін бекіту туралы

«Ақтөбе облысы бойынша 2020 жылға тұқым шаруашылығын дамытуға арналған субсидия көлемін бекіту туралы» қаулы жобасына
БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің2020 жылғы 30 наурыздағы № 107 «Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20209 тіркелгенбұйрығына сәйкес,қаулы жобасыенгізілсін. Бұл нормативтік құқықтық акті auyl.aktobe.gov.kz сайтында орналастырылды, 2020 жылғы 16 сәуірде № 41 «Актюбинский вестник» және 2020 жылғы 16сәуірдегі№ 41«Ақтөбе» газеттерінде жарияланды. Ақтөбе облысы әкімдігі жанындағы кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңестің ағымдағы жылғы 29сәуірдегі №23 хаттамасына сәйкес, кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктері сараптамалық қорытындыларды ескертулер мен ұсыныстарсыз ұсынды. Ақтөбе облысы Қоғамдық кеңесінің 2020 жылғы 17сәуірдегі№ 1-2/24 қорытындысы алынды.
Тұқым шаруашылығын дамытуға арналған субсидия көлеміҚазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігімен қаралып мақұлданды, 2020 жылғы 21 сәуірде №3-2-67923 ілеспе хаты.
Ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында 2020 жылдың 15 сәуірінде орналастырылды. Қоғамдық талқылаудың мерзімі 2020 жылдың 29сәуірінде аяқталды.Есептемені қарау саны 1 бірлік, пікірлер болған жоқ.
Сайтқа жарияланды: http://auyl.aktobe.gov.kz/ru
Тікелей таралым: http://auyl.aktobe.gov.kz/ru/node/3094