Ақтөбе облысы әкімдігі қаулысының жобасына БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

«2020 жылға арналған субсидияланатын тыңайтқыштар түрлерінің тізбесін және тыңайтқыштарды сатушыдан сатып алынған тыңайтқыштардың 1 тоннасына (килограмына, литріне) арналған субсидиялар нормаларын, сондай-ақ тыңайтқыштарды (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидиялауға бюджеттік қаржы көлемдерін бекіту туралы» Ақтөбе облысы әкімдігі қаулысының жобасына
БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 107 «Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, Ақтөбе облысы әкімдігінің қаулысымен 2020 жылға субсидияланатын тыңайтқыштар түрлерінің тізбесі және тыңайтқыштарды сатушыдан сатып алынған тыңайтқыштардың 1 тоннасына (килограмына, литрiне) арналған субсидиялардың нормаларын бекіту.
Бұл нормативтік құқықтық акті auyl.aktobe.gov.kz сайтында орналастырылды, 2020 жылғы 15 тамыздағы № 89 «Актюбинский вестник» және «Ақтөбе» газеттерінде жарияланды.
Ақтөбе облысы әкімдігі жанындағы кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңестің ағымдағы жылғы 7 қыркүйектегі №35 хаттамасына сәйкес, кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктері сараптамалық қорытындыларды ескертулер мен ұсыныстарсыз ұсынды:
«Ақтөбе қ. Кәсіпкерлердің құқығын қорғау қауымдастығы» ЗТБ;
Ақтөбе облысының кәсіпкерлер Палатасы;
«Ақтөбе облысының сүт және сүт өнімдерін өндірушілерінің қауымдастығы» ЗТБ.
Нормативтік құқықтық актінің жобасы бойынша Ақтөбе облысының Қоғамдық кеңесінің 2020 жылғы 18 тамыздағы № 01-2/72 қорытындысы алынды.
Нормативтік құқықтық актінің жобасы ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында 2020 жылдың 11 тамызында орналастырылды. Қоғамдық талқылаудың мерзімі 2020 жылдың 25 тамызында аяқталды. Есептемені қарау 128 бірлік, ешқандай пікірлер болған жоқ.